Автокөлікке орнатылған бірқатар негізгі, сондай-ақ тез тозатын және шығын бөлшектері шектеулі кепілдік шарттарымен қамтылғандықтан, қысқартылған кепілдік мерзіміне ие.
Мысалы:
1. Аккумуляторлық батарея - 1 жыл немесе 20000 км*
2. Тұтандыру бідлтесі, отын тазарту сүзгісі, ілінісу үйкеліс дискісі, шина, жиынтықта тежегіш жастықшасы, тежегіш барабаны - 6 ай немесе 10000 км*
3. Шам, шыны тазалағыш щетка, қашықтан басқару пультінің батареясы, сақтандырғыштар, ауа сүзгісі элементі, кондиционер сүзгісі, реле, май сүзгісі - 3 ай немесе 5000 км*
* Кепілдік кезеңі (қайсысы ертерек болатынына байланысты).
Кепілдік міндеттемелері туралы толық ақпаратпен Shineray ресми Дилерлерінен және "Сервистік кітапшадан" танысуға болады.